Жаңалықтар тізбегі
0

Айсәуле Бақытбек өзіне погондағы адамдардың тиіспек болғанын айтты

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2019 23:40 Инстаграм
Айсәулеге полиция қызметкері қылмыңдаған.

Айсәуле Бақытбек Қылмыстық кодекстегі "Зорлау" бабындағы жазаны күшейтуді талап етіп, өз басынан өткен қорқынышты жайтпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Танымал продюсер Баян Алагөзваның қызы заңдағы "Зорлау" бабындағы жазамен, атышулы пойыздағы топтық зорлау фактісіне қатысты шыққан сот шешімімен де келіспейтінін айтып, Instagram парақшасында видео жариялады.

Оның айтуынша, қыз баланың құқығы елімізде толықтай қорғалмаған. Сондықтан Қазақстанда қыз-келіншектерді қорлау фактісі жиі орын алады.

Өз мәлімдемесінде пойыздан бөлек Айсәуле Алматыдағы Медеуде болған масқара жайды да еске алады.

"Дәретханада зорлап кетті. Онда да үш рет осындай қылмыспен отырған адам. Ал оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Масқара ғой! Менің бұдан кейін заң жүйесіне деген сенім жойылды" деп мәлімдеді ол.

Одан соң Айсәуле өз басынан да бір мысал келтірді.

"...Басқасын айтпай-ақ қояйын, өз басымнан өткен жағдайдан бір мысал келтірейін. Мені жолда келе жатқанда себепсізден себепсіз полиция қызметкерлері тоқтатып, одан соң өз көліктеріне отырғызды. Сол кезде біреуі маған қылмыңдай бастады. Бұл - бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Ол кезде қазіргі күйеуім, яғни жігітім шетелде болатын.

Мен талдырмаш кіп-кішкентай қыз өз елімде погоны бар адамдардың жанында қорқып, дірлідеп отырдым, білесіз бе? Қайта мен өз-өзім үшін тұра алатын қызбын. Оларға өзімді басынуға оңайшылықпен жол бермейтінімді анық байқаттым. Олар шектен шыға бастаған кезде мен сол арада тұрып, шетелдегі жігітіме телефон соқтым. Онымен сөйлескен полиция қызметкері бірден өзгеріп сала берді. Түк болмағандай, кешірім сұрап, мені ақырын жолға салып жіберді", - дейді өз мәлімдемесінде Айсәуле.

Оның пікірінше, құқығы толықтай қорғалмаған кез келген адам, соның ішінде нәзік жандылар өзінің наразылығын ашық білдіруге құқылы. Сонда кез келген салада әділеттілік өздігінен орнайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: