Арыстағы жарылыс Ресейде қайталанды: 11 адам жараланды

Ауруханаға жеткізілгендердің бәрінің жарақаты орташа деңгейде.
Красноярск өлкесінің Ачинск ауданындағы оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыстан жараланғандар саны 11 адамға дейін жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Өлке үкіметінің дерегінше, дүйсенбіде сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 16.00-де) Ачинск ауданындағы Каменка ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан артиллериялық оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, оның соңы өртке ұласты. Жақын маңайдағы деревнялардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде. Сейсенбі күні таңертеңгі жағдайға сәйкес, қаланың төрт мыңға жуық тұрғыны көшірілді.
- Жарақат алған 11 адам ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға жеткізілгендердің бәрінің жарақаты орташа деңгейде, - деді агенттіке сұхбат берген дереккөз.
Бөлісу
0
Толық оқу