Жаңалықтар тізбегі
0

Ермахан Ыбырайымов 17 жыл бұрын кімнен таяқ жегенін ашып айта салды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2019 18:34 видеодан алынды
Ермахан Ыбырайымов кезінде өзін сабап кеткен сол жігіттермен түк болмағандай бүгіндері аралас-құралас боп жүргенін де айтты.

Халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбырайымов 2002 жылы өзіне жасалған қарақшылық шабуыл мен Қазақстан боксының атасы - Әбісалам Нұрмахановтың өлімі арасында байланыс бар-жоқтығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2002 жылы шілде айында отандық екі боксшыға шабуыл жасалды. Ең бірінші, Халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбырайымов аяусыз соққыға жығылды. Көп ұзамай бір аптадан соң Қазақстан ұлттық құрамасының тұңғыш жаттықтырушысы, Кеңес одағына танымал спортшы Әбдісалам Нұрмаханов оққа ұшты. Оны Нұрмаханов басқарған автотұрақта жұмыс істеген спортш шебері тапсырыспен өлтірген болып шықты. Бұл екі оқиға арасында байланыс бар ма? Бұған Ермахан Ыбырайымов өз сұқбатында жауап берді. Алдымен спорт шебері өзіне жасалған қарақшылық шабуылға кеңінен тоқталды.

"2000 жылы мен Олимпиада чемпионы болдым. Ал 2002 жылы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болдым. Осындай деңгейіме қарамастан маған қарақшылық шабуыл жасалды. Сөз жоқ, ол арада өзімнен де кінә болды. Мен өзімнің күшті екенімді дәлелдегім келгендей болды. Спортпен шұғылданып жүрген кез бен спортты тастап кеткен кез басқаша екен. Енді, оңай ма, 10 жігіт жабылды. Ол кезде өздері мені ұшындырып жіберді, төбелесті мен бастауым керек секілді, соған итермеледі. Мен оған саналы түрде бардым. Бокста бір қағида бар: егер төбелес болмай қоймайын десе, онда ең бірінші болып жұдырық сілте деген. Мен сол қағидаға сүйендім. Сондықтан бірінші болып ұрдым. Бір-екеуін құлатқаным есімде, бірақ арғы жағы есімде жоқ. Ол кезде мен жалғыз болдым", - дейді ол.

Ермахан Ыбырайымов сол жігіттермен бүгіндері түк болмағандай аралас-құралас боп жүргенін де айтты.

"Кейіннен ол жігіттерден жауап алынды. Бәрі кешірім сұрап келді. Өздерінің сыйақысын берді. Мен оларға ешқандай кек сақтамаймын. Бұрыннан танып жүрген жігіттер. Бәріміз бірге жүрген жігіттер. "Қателік менен болған шығар, қателік сендерден болған шығар, бірақ оның бәрін еске алып қайтеміз? Болатын нәрсе болды, бояуы сіңді дедік. Содан осы жерде бәрі ұмтылсын" деп келісіп, қол алыстық. Бүгінгі таңда көрісіп, әңгімелесіп жүрміз. Нағыз еркек болғаннан кейін осылай болу керек", - дейді.

Осы арада тілші сол оқиғадан соң бір апта өткенде бокс маңында жүрген Әбдісалам Нұрмахановтың оқиғасын еске алып, екеуінің арасында байланыс бар-жоқтығын сұрады.

- Ешқандай байланыс жоқ. Мен нақты оның арасында болмағаннан кейін өз сөзімде қателік жіберуім де мүмкін. Бірақ біз бокстың атасы - Әбдісалам Нұрмахановты не үшін өлтірді деген сұраққа жауап іздедік қой. Біздің мәлімет бойынша, жақсы дамыған уақытша автотұрақ деген болды сол кезде. Сары жилеттегі жігіттер 100 теңгеден жинап жүретін. Бірақ бұл есепте жоқ ақшалар, яғни көлденең табыс болатын. Сондай автотұрақтың бір ауданы бойынша Әбдісалам Нұрмаханов болып тағайындалған екен. Сол күнде түсетін қаражат жиналып, миллион болған. Ол ақшаға көз алартқандар көп болған. Әбдісалам ағамыз, тікке айтатын кісі сөзді. "Менен аулақ жүріңдер, сендерге бұл орын да, көк тиын да жоқ" деген ғой. Сол кісінің орнына қызыққан оңбағандар ақыры ол кісінің түбіне жеткен. Арнайы киллер жалдаған. Үйіне кіре берген жерінен артынан келіп, тура жүрек тұсынан атқан. Сол киллерді жалдағандар лайықты жазасын алды. ҚР Ішкі істер министрлігіне спортшылар, соның ішінде боксшылар арнайы сауалнама жолдадық. Тіпті, қаржылай көмек керек болса оны да береміз дедік. Тек кінәліні тауып, жазалаңыздар болды дедік. Мықты-мықты ізкесуші мен тергеушілер бұл істі қолға алды. Тапсырыс берушіні де, тапсырысты орындаушыны да тапты. олар лайықты жазасын алды, - дейді боксшы.

Сөз арасында Ермахан Ыбырайымов оққағар ұстамайтынын, ал бір баласы - Қайырбек Президент күзетінде істейтінің, СОП-тың белді бір мүшесі екенін де айтып қалды.

Оқи отырыңыз: "Құдашам..." Ермахан Ыбырайымов тоқалын көрсетті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: