Бишімбаев өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы 2040 жылы өтініш бере алады

Қуандық Бишімбаев, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, 2040 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2024 19:56 Сурет: ҚР Жоғары соттың баспасөз қызметі
БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова 13 мамырда өткен сот процесінен кейінгі баспасөз мәслихатында қандай жағдайда Қуандық Бишімбаев өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судьяның айтуынша, Қуандық Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жазаның 2/3 бөлігін өтегеннен кейін өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алады.

"Сонда бұл 16 жылдан кейін, шамамен 2039-2040 жылда мүмкін. Жәбірленушінің пікірі, негізі істі қарау кезінде ескеріледі, бірақ 2039 немесе 2040 жылдары онда (Бишімбаева – шамамен. автор) тек өтініш беру құқы болады. Егер үкім заңды күшіне енсе", - деп сөзін толықтырды Алма Есімова.

Сондай-ақ ол заңда сөз етілген мәселені қарау кезінде жәбірленушілердің пікірі ескерілетінін, ал қалғанының барлығы соттың құзыретінде екенін нақтылады. 

"Мұндай шешім істің барлық мән-жайының жиынтығын ескере отырып, қабылданатын болады. Енді ол жайында айтуға әлі ерте, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Заңда шартты түрле мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарау кезінде жәбірленушілердің пікірі ескерілетіні көрсетілген", - деді Алма Есімова.

Судья Сейфулла Тасымбетов жазаны өтеудің барлық кезеңіндегі оның мінез-құлқы, мінездемесі, іс-шараларға қатысуы сынды жайттар ескерілетінін айтты.

13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімін жариялады

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: