Жаңалықтар тізбегі
0

Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан неге айырмады – судья түсініктемесі

Қуандық Бишімбаев, өмір бойына бас бостандығынан айыру, судья түсініктемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2024 19:26 Сурет: ҚР Жоғары соттың баспасөз қызметі
БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова 13 мамырда өткен сот отырысынан кейін баспасөз мәслихатында Қуандық Бишімбаевқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы неге тағайындалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судья Бишімбаев ісі бойынша үкімді алқабилер алқасы шығарғанын, яғни кеңесу бөлмесінде шешімді 10 адам және бір судьядан тұратын алқабилер қабылдағанын айтты. 

"Жазалау шарасына қатысты. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы бірауыздан қабылданған шешім кезінде тағайындалуы мүмкін, ондай жағдайда барлық 11 адам дауыс беруі керек. Әлбетте, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмағандықтан, кеңесу бөлмесіндегілер ортақ пікірге келмеген", - деп жауап берді Алма Есімова.

Сондай-ақ, сот отырысынан кейін прокурор Айжан Аймағанова 24 жыл - ең жоғары жаза екенін айтты. Прокурорлар "кісі өлтіру" бабы бойынша 20 жыл, "Азаптау" бабы бойынша жеті жыл сұрады.

"Осы істердің санаты бойынша алқабилердің қатысуымен өтетін соңғы бес жылдағы сот тәжірибесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып көрмеді", – деді Аймағанова.

Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сот үкімі жарияланды: Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның әкесі Амангелді Нүкенов 13 мамырда сот дәлізінде сот үкіміне қатысты өз пікірін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: