Жаңалықтар тізбегі
0

Зеленский Путинге телефон шалып, Ресейді шулатып қойды

УНИАН, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2019 16:12 УНИАН
Зеленский Путинмен сөйлескен соң Түркияға ұшып барып, онда Қырым татарлары мәселесін көтерді.

Ресей сарапшылары Украина президенті Владимир Зеленскидің Қырым туралы мәлімдемесін талқылап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізінен, кеше Азов теңізінде төрт теңізшінің қаза болуына байланысты Украина президенті таңертең Ресей президентіне шұғыл телефон соққан болатын. Бұл жоспардан тыс қоңырау болды. Ресми дерек көздердің мәліметіне сүйенсек, қос президент өте ұзақ сөйлескен. Кейіннен екі мемлекеттің президенттерінің ресми сайты арадағы сөздің мәтінін жариялады. Арасында айырма көп деседі.

Зеленский Путиннен басқыншыларға украин әскерлеріне оқ атуды доғаруға ықпал етуді сұраған. Тұтқындармен алмасу жайы да қозғалған. Оқ атуды доғару үшін Норманд төртігін үстел басына шақырған. Украина президенті өз сөзінде Қырым жартылай аралы Украина құрамына түбі қайтарылады депті де. Зеленскидің осы сөзі Ресейдің зиялы қауымының шамына тиіп кетсе керек. Олар бұл мәлімдемеге үдере көтерілді.

Украинада Қырым мәңгіге кетті деген түсінік бар - сарапшы

Сенатор Владимир Жабаров мұндай мәлімдемелердің салмағы жоқ, сондықтан оған аса мән беруге болмайды деп салды.

- Қырым Украинаға тек бір жағдайда ғана қайарылады: егер Ресей Жер шары картасынан жойылып кетсе. Бұл ешқашан болмайды, білесіздер. Негізі, бұл түбек Украина құрамына кездейсоқ кіріп кеткен. Біз тарихи әділдікті орнаттық. Егер Зеленский осы мәнде мәлімдеме жасап, сөзін түзетпесе, онда Мәскеу мен Киев қарым-қатынасы тығырыққа тіреледі, - дейді ол.

Қырым татарларының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының жетекшісі Эйваз Умеров те украин билігін түбектің қазіргі мәртебесін мойындауға шақырды.

- Қырымның Украинаға қайтарылғанынан гөрі, Украинада "телепузиктердің" президент болып сайлануына мүмкіндік жоғары. Қырымның өз үйіне оралғанына 6 жыл болды, барлық отбасымыз, соның ішінде қырым татарлары бәрі бірге. Негізі, Зеленскидің бұл мәлімдемесі «көз жастан басқа ештеңеге әсер етпейді, - деді ол.

Саяси сарапшы Владимир Джаралла Украина президентінің бұл мәлімдемесін шоуға балады.

- Саясатта бұны популизм деп атайды, көріп отырғандарыңыздай, бұл актерлік ойынға жақын нәрсе. Құр эмоция ғана, - деді ол.

Оның айтуынша, Украинада Қырым мәңгіге кетті деген түсінік бар. Алайда, Киев билігі түбекті Ресейдікі екенін әлі мойындағысы келмейді, бірақ осы негізде келіссөздер жүргізіп, бірнәрсені саудалауға тырысады.

Қырым 2014 жылы Ресей түбегіндегі референдумнан кейін Ресей аймағына айналды, онда сайлаушылардың 95 пайызы Ресейге қосылуды қолдады. Владимир Путиннің айтуынша, түбекті иелік ету мәселесі "толығымен жабық".

Зеленский Путинмен сөйлескен соң Түркияға ұшып барып, Қырым татарлары мәселесін көтерді

Ал бұл уақытта Зеленский Түркияға ұшып барып, сол жақта сұқбат беруде.

Украина Президенті түркиялық БАҚ құралдарына берген сұқбатында Ресей 2014 жылдан бастап "жаппай репрессияны пайдалана отырып, Қырым жеріне айтарлықтай қайғы-дерт әкелді" деп мәлімдеді.

" ... (2014 жылдан кейін) Көптеген қырым татарлары өз Отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Ал онда қалып кеткендері үнемі қысымға ұшырауда, қамалуда, соққыға жығылуда. Бәріне тыйым салынған. Митинг өткізуден бастап азапталып, көз жұмғандарды еске алуға дейін. Бізді ешкім көзіне ілмейді. Жергілікті билік "татар" деген сөзді қолданғанда "қырым" деген сөзді әдейі тастап кетіп айтады, сөйтіп жеке бас ерекшелігіне нұқсан келтіреді", - деді Зеленский.

Ол басқыншылыққа ұшырап, құқығы бұзылған қырым-татарлары мәселесіне халықаралық қауымдастық назарын үнемі бұрып отыруға уәде берді.

"Ресей басқыншылығы салдарынан туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған қырым-татарлары жағдайының бәрін жіті зерттейміз. Сіздерді сыртта қалдырмаймыз, Украина жер аударған азаматтардың мәселесін шешуге ат салысады", - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: