Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Альфонс-қазақ. Нұр-Сұлтанның қыздарын "лақтырған" жігіт ұсталды

Әйелдер оған сеніп қалады екен. Банктен кредит алып берген.

Сурет : Нұр-Сұлтан ПД8 Тамыз 2019, 17:25

Алматыда Нұр-Сұлтан ПД қызметкерлерінің күшімен іздестіру шарасы барысында 34 жастағы жігіт ұсталды. Ол – Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше әйелді алаяқтық жолмен алдағаны және автокөліктен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған, деп хабарлайды Zakon.kz астаналық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған жігітке төрт рет алаяқтық жасады деген күдік тағылуда. Ол жеке көлігі мен тұрақты табысы бар қалталы әйелдермен танысып, сеніміне кірген. Кейін оларды ірі сомада қарыз беруге көндірген. Оған сеніп қалған әйелдер "бизнесіне" көмектесу үшін бар ақшасын берген, тіпті өз аттарына ақшалай кредит алып, сонысын альфонс-алаяққа берген.

Мәселен, ол бір әйелден 6 миллион теңге алған. Өзі алданған әйелдермен бірге тұрып, жақын қарым-қатынаста болған.

Әйелдерді алдағанын айтпағанда, күдікті 2018 жылы бір автокөліктің ішінен 360 мың теңге тұратын алтын браслет ұрлаған екен.

Ол қазір Алматының абақтысына қамауға алынды, жақын арада этаппен Нұр-Сұлтанға жөнелтіледі.

Оның тағы қанша әйелді алдағанын бір Құдай біледі. Сол себепті Нұр-Сұлтан Полиция департаменті осы күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер табылып жатса, олардан Бейбітшілік көшесі, 19 мекен-жайына немесе 8 (7172) 71-60-22, 71-63-29 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер