Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Саудагерлер еттің неге қымбаттап кеткенін түсіндірді

Оңтүстікте бұған дейін сиыр еті - 1500, қой еті - 1300, жылқы еті 1700 теңге болса, қазір қой еті 1600-ден, сиыр еті 1800-ден, жылқы еті 1950 теңгеден саудаланып жатыр.

Сурет : 24 kz9 Тамыз 2019, 11:06

Елімізде еттің қымбаттауына жем-шөп бағасының көтерілуі мен ет экспортының ұлғаюы себеп болды. Түркістандық сатушылар осылай дейді, деп хабарлады Хабар24.

Бұған дейін сиыр етін 1500-ден, қой етін 1300-ден жылқы етін 1700-ден алып жүрген алыпсатарлар қазір бағаның өскенін айтады. Себебі оңтүстікте өндірілген ет өнімінің дені сыртқа тасымалданады. Сондықтан ішкі нарықтағы ет бағасы біршама қымбаттаған.

Мәселен, қазір өңірдегі базарлар да қой еті 1600-ден, сиыр еті 1800-ден, жылқы еті 1950 теңгеден саудаланып жатыр.

Мамандардың айтуынша, елімізде қой мен сиыр етінің экспорты артқанымен, жылқы мен құс еті әлі де сырттан тасымалданады.

Биыл Түркістан облысында ет өнімін экспорттау жоспары екі жарым еседен асып түсті. Жыл басынан бері жергілікті кәсіпкерлер 12 мың тоннадан астам етті экспортқа шығарған. Бүгін де облыста мың бастан он мың басқа дейін арналған 14 ірі мал бордақылау алаңдары бар. Соңғы 7 ай ішінде олар 100 мың тонна ет өнімін өндірген.

- Сонымен қатар бізде құс еті де экспортталып жатыр. 1100 тонна құс еті ресей мен өзбекстанға шығарылды. Сондай-ақ еуропа елдеріне 1600 тонна балық еті шығарылды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі кеткен шығынның бір бөлігін өтеу субцидиялау қағидасына сәйкес, іріқараға арналған бордақылау алаңдарын салған жағдайда шығынның 25 пайызын өтеп береді, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманыЛаура Мамытова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер