Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев АҚШ конгрессмендерін қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2019 23:31 Ақорда
Қазақ президенті АҚШ конгрессмендері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері, сондай-ақ өңірдің күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.

"АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салаларда тығыз ынтымақтастық орнаттық. Елдеріміздің өзара табысты
іс-қимылдарының маңызды бағыты қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы болып табылады", – деді Мемлекет басшысы.

Америкалық конгрессмендер Қ.Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, көздеген реформаларының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Конгрессмендер Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға беріп, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қайта қалпына келтіру ісіндегі бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығына баса назар аударды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: