Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі Елшісін ауыстырды

Асқар Асанұлы Бейсенбаев 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған.

Сурет : Википедия12 Тамыз 2019, 14:01

Асқар Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Асқар Асанұлы Бейсенбаев 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

1983-1988 жылдары - Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер-технологы, "Ленин жолы" кеңшарының консерві цехының бас технологы, бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы.

1988-1994 жылдары - Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры.

1994-1998 жылдары - президент АО "Көктерек" акционерлік қоғамының президенті.

1998-2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты.

2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы "Отбасы" депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы "Ауыл" депутаттық тобының мүшесі.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған.

2013 жылдан бастап сенатор.

2013-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болды.

"Құрмет" орденімен және медальдармен марапатталған.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев елші қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", делінген Ақорда сайтында жарияланған хабарламада.

Ермұхамет Қабидинұлы 1956 жылы 19 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтында ассистент болып бастаған. Совет әскері қатарында әскери қызмет өтеді.

Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болды, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.

Бірнеше монография мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақаланың авторы.

1990-1994 жылдары – ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты.

1994-1998 жылдары - Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы.

1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

1998-2000 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.

2013-2017 жылдары ҚР-ның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

2017 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

"Құрмет", "Парасат" және ІІІ дәрежелі "Сіңірген еңбегі үшін" (Украина) ордендерімен, "Астанаға 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер