"Шашылып қалған". Алматы-Бішкек трассасында жантүршігерлік жол апаты болды

Zakon.kz Zakon.kz
Жол апатынан бес адам көз жұмды, оның үшеуі - балалар.

Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Shacman жүк көлігі Бішкекке қарай бет алған. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, қарсы беттен шыққан Mazda 626 көлігі ойқастап, біресе оңға, біресе солға қарай шайқалып, ақыры жолдың шетіне соғылып, содан ұшып тура ауыр жүк көлігінің астына түскен. Қатты соққыдан жүк көлігінің алдыңғы доңғалағы жұлынып кетеді де Shacman жүргізушісі рөлді жолдың шетіне қарай бұрған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688164_kuk1.jpg

Ауыр жүк көлігіне өздігінен келіп соғылған жеңіл көліктің түгі қалмай бүлінген.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688243_kuk2.jpg

- Мазда 626 мен Shacman жүк көліктерінің қатысуымен болған жол апаты Алматы-Бішкек тас жолының 84 шақырымында болды. Оқиға орнында бес адам қаза тауып, тағы үш адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаменті осы жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастап кетті, деп түсіндірді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688228_kuk3.jpg

Қаза тапқандар ішінде үш бала бар. Жол апатынан көз жұмған және жараланған адамдарды төтеншеліктер көліктен алып шықты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688236_kuk4.jpg

Жол оқиғасы орнында Алматы облыстық полиция департаментінің тергеушілері жұмыс істеуде.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688204_kuk.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688370_kuk7.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688299_kuk8.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688418_kuk9.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/1565688414_kuk10.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз