Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айтып, жеделхат жолдады

Ақорда Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Бенгазидегі жарылыс салдарынан қаза тапқан БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясы қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Бенгазидегі жарылыс салдарынан қаза тапқан БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясы қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

"Бұл зұлымдыққа толы лаңкестік шабуыл ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптейтін қасиетті мұсылман мерекесі – Құрбан айт қарсаңында жасалғаны аса жан түршігерлік жағдай болып табылады. Әлемдік қауымдастықтың зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен және батыл күреске шақыратын үндеуін берік қолдай отырып, Қазақстан лаңкестіктің ешқандай түрі мен көрінісін қабылдамайды. Біз БҰҰ қызметкерлерінің жаһандық ұйымның игі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы қызметін жоғары бағалаймыз", – делінген жеделхатта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз