Қазақтың баласы Мохаммед Салахпен кездесті

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2019 15:52 instagram
Бұл ерекше бала – футбол десе ішкен асын жерге қояды.

Әли Тұрғанбеков Мохаммед Салахпен және "Ливерпульдің" басқа да жұлдызды ойыншыларымен кездесті. Бұл туралы Әли Instagram-да пост салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Достарым мені УЕФА Суперкубогының финалына шақырды, онда өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының жеңімпазы ойнайды. Ливерпуль мен Челси! Мен УЕФА басшылығына, УЕФА қоры және әрине, Қайрат Советайұлына алғысымды білдіремін. Менің осы сапарымды ұйымдастырған сол кісі, - деп жазды ол.

Бұл ерекше бала – футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ол бұған дейін "ПСЖ", "Барселона" футболшыларымен кездесіп, Диего Марадонаның өзімен футбол ойнаған. 2017 жылы Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де кездескен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: