Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан әскері биыл Халықарық армия ойындарының "Танк биатлонына" ғана қатысады

ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 21:23 ҚР ҚМ
Армиялық халықаралық ойындар – бұл жай ғана жарыс емес, жауынгерлік даярлықтың ерекше түрі саналады.

Еліміздің Қорғаныс министрлігінің басшылығы 2020 жылы әскери халықаралық ойындарда тек бір жарыс түріне қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан атынан сынға түсетін команда тек "Танк биатлоны" жарысына қатысады. Бұл ретте қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, екі апталық карантин шаралары, коронавирусқа ПТР-тестілеу екі рет өткізіледі.

Бұл шешім қабылдаушы елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің атқаратын міндеттеріне,ел азаматтарына коронавирус инфекциясыменмен күресуде көмек көрсетуіне, мерзімді әскери қызметке жоспарлы шақыруға, сондай-ақ халықаралық іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қаражат үнемдеуге байланысты болып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 21:23

Әскери қызметшілер алдағы жарыстарға қызу дайындалып жатқанын атап өту керек. Іріктеу өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері мен түрлері деңгейінде әскери бөлімдерде өткізілді. Қазақстан Армиялық халықаралық ойындарға жыл сайын қатысып келеді. Біздің әскери мамандар кәсіби дайындығының жоғары деңгейін лайықты дәрежеде көрсетіп келеді. Оған көптеген жүлделі орындар дәлел. 2019 жылы Қазақстан құрамасы Еуропа, Азия, Орталық және Латын Америкасы, Африка сынды 39 елдің арасында өткен жарыста үш алтын, екі күміс және тоғыз қола медаль жеңіп алып, бірінші орынды қанжығысына байлады. Айта кету керек, еліміздің командасы өткен "Танк биатлонына" қабылдаушы тараптың жауынгерлік техникасына қатысып, бірінші үштіктің басқа командалары сияқты жарыс өтетін аумаққа өздерінің ұлттық әскерлерінің танкілерін жеткізді.

Армиялық халықаралық ойындар – бұл жай ғана жарыс емес, жауынгерлік даярлықтың ерекше түрі саналады. Кез келген жағдайда әскери қызметшілер өздерінің кәсіби шеберлігін арттыратын, әртүрлі қару-жарақ пен әскери техниканы игеретін, армияның дайындық деңгейін көрсететін және түрлі елдердің әскерлерімен тәжірибе алмасатын халықаралық оқу-жаттығулар. Сонымен қатар, ауқымды халықаралық жарыстарға қатысу әскери қызметшілер үшін жеке кәсіби дағдыларын арттыруда жақсы жігерлендіру болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: