Жаңалықтар тізбегі
0

"Тапсырыс берді!". Айжан Байзақова сайлау алдында неге пранк жасағанын айта салды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2019 18:35 видеодан алынды
Айжан Байзақоваға тапсырыс берушілер видеоны 7 маусымға дейін түсіру керек деп тұрып алған.

Атышулы блогер Айжан Байзақова сайлау қарсаңы алдында тойын неге жасағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz DIGISTAN 4 бағдарламасына сілтеме жасап.

Айжан Байзақова мұның сайлауалды қасақана жасалғанын білмегенін, бірақ осы видеоны жасауға өзіне тапсырыс берушілердің бір арам ойы болғанын жасырмады.

"Шын айтайын, мен білген жоқпын. Бірақ сайлау күні қарсаңында маған менеджерім хабарласып, "Салем соушен" компаниясы (одан кейін олармен жұмыс істеген емеспін) бір видеоларын сенің парақшаңа орналастырғысы келеді деді. Бірақ мен оған рұқсат бермедім. Өйткені менің өзім болмайтын кадрларды парақшама салмаймын. Содан айттым, одан да ақшасын төлесе, онда өзім болатын бір видео түсірейік деп. Бізге үлкен аудитория келу үшін сіз қандай ұсыныс айта аласыз деді олар. Мен айттым 25 маусымда кетуім керек, соған дейін бірнәрсе түсіріп кетейік дедім. Ал олар айтты, "сен жоғалып кет, инстаграмға шықпай ғой бір апта" деді. Мен оған келіспедім. Мен той жасау туралы идеяны ортаға салдым. Бірақ олар түсірім уақытын асықтыра бастады. 7 маусымға дейін біту керек деді. Содан ойланып қалдым, осының сайлауға қатысы жоқ па өзі деп. Сөйтіп өздерінен сұрадым, олар күліп, оған мұның еш қатысы жоқтығын айтты. Күмәнданған себебім, мен оларға жолсапардан келген соң тамызда түсірейік деп едім, оған ат үзілді келіспей 7 маусымға дейін деп қадалып тұрып алды олар. Өз басым, менің сол видеом сайлаушыларды сайлаудан назарын бұра алды деп айта алмаймын", - дейді ол.

Дегенмен бұл бағдарлама қатысқан "Жұрттың баласы" тобының жетекшісі Мұрат ол видеоның мақсаты сайлау болғанына сенімді.

"Трендке шықты ғой ол өйткені. Жұрт трендтегі жаңалықты оқиды. Трендте Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 процент алған жаңалығы емес, Байзақованың үйлену тойы тұрды. Бұл жаңалық белгілі бір деңгейде жұрттың көңілін басқа бағытқа аударды" деп санайды ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: