Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 18:23 Ақорда
Сондай-ақ Президент ҚР Білім және ғылым министрлігіне табысы аз немесе қиын жағдайда жұмыс істейтін отбасылары балаларын оқу бағдарламасынан қалыс қалуын еңсеру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, оны іске қосуды тапсырды.

Қазақстан Президенті мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

- Мұғалімдердің жалақысы мардымсыз еңбекақылардың бірі болып қалып келеді, экономикалық көрсеткіштер бойынша орташа жалақының ол 65 процентін құрайды. Үкіметке алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент ҚР Білім және ғылым министрлігіне табысы аз немесе қиын жағдайда жұмыс істейтін отбасылары балаларын оқу бағдарламасынан қалыс қалуын еңсеру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, оны іске қосуды тапсырды.

Мектепте тіл оқыту мәселесіне тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев:

Елбасы "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын, деді.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мұғалімдердің тамыз конференциясы өтіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: