Жаңалықтар тізбегі
0

Нұротандықтар! Желіде Бауыржан Байбектің хаты пайда болды

Sputnik/Болат Шайхинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 18:56 Sputnik/Болат Шайхинов
Байбек өз хатында "Nur Otan" жаңартып, "қайта іске қосу" бағдарламасының жобасын әзірлеу басталып кеткенін айтты.

Желіде "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің әрбір нұротандыққа бағытталған хаты пайда болды. Партияның баспасөз хатшысы Тимур Базарбаев бұл хаттың Байбекке тиесілі екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Nur Otan" партиясын жаңғыртып, "қайта іске қосуды" міндеттеді. Партия халыққа әлдеқайда жақын болып, қоғамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай болуы керек, - деп жазды Байбек.

Өткен айда ол Елбасының тікелей тапсырмасымен еліміздің 6 өңірінде болып, жергілікті халықпен жүздесіп, жай-күйлерімен танысқан. Әр аймақтан партия жұмысына қатысты сұрақтар келіп түскен. Партияны жаңғырту тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді көтеріліп, әлеуметтік желілерде де талқыланды.

Байбек өз хатында "Nur Otan" жаңартып, "қайта іске қосу" бағдарламасының жобасын әзірлеу басталып кеткенін айтты.

- Осыған байланысты партияның орталық аппараты мен филиалдарының әр қызметкеріне өз ұсыныстарын ортаға салуға шақырамын. Біз бірлесе отырып, сайлаушыларымыздың талаптарын толық қанағаттандыратын саяси күш ретінде партияның тиімділігін арттыратын сапалы тетіктерді жасайтынымызға сенімдімін. Әркім өз ұсыныстарын b.baibek@nurotan.kz электронды поштасына жібере алады. Оны 19 тамызға дейін жіберулеріңізді сұраймын, - дейді ол хатында.

Сондай-ақ, партия төрағасының бірінші орынбасары өз поштасына шыға алатын нұротандықтармен тікелей қарым-қатынас орнатуды тұрақты тәжірибе ретінде енгізуге ниетті екенін жеткізген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 18:56

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: