Жаңалықтар тізбегі
0

"Тальгодағы зорлау ісі" қайта қаралатын болды

Google Images, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2019 23:32 Google Images
Облыстық сот судьясы Асламбек Мерғалиев бірінші инстанцияның шешімін жойды.

Қостанай облыстық соты "Тұлпар-Тальго" пойызында әйел зорлады деп айыпталған екі жолсеріктің ісін қайта қарауға жіберді, деп жазады azattyq.org.

Облыстық сот судьясы Асламбек Мерғалиев көлік прокуратурасының, зардап шеккен әйелдің апелляциялық шағымын қанағаттандырып, бірінші инстанцияның шешімін жойды. Істі прокуратураға қайта тергеуге жіберді.

Былтыр қыркүйекте Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бару үшін "Тұлпар-Тальго" пойызына мінген жолаушыны түнде купеге өз кілттерімен кірген екі жолсерік зорлаған. Кейін жәбірленуші "НеМолчиKZ" қоғамдық қорынан көмек сұраған. Ал қор жетекшісі Дина Смаилова бұл оқиға жайлы өзінің Facebook парақшасына жариялағаннан кейін көпшілік назар аударды.

26 шілдеде Қостанай соты "Тұлпар-Тальго" пойызында ақтөбелік әйелді зорлады деп айыпталған екі жолсерікке үкім шығарды. Судья Оразбай Сатыбалды айыпталушылар Жетес Үмбеталиев пен Қолғанат Құрманиязовты Қылмыстық кодекстің "Зорлық" бабы бойынша кінәлі деп танып, 2,5 және 2 жыл үш айға соттады. Сотта прокурор оларды алты жылға соттауды сұраған еді. Кейін қоғамда сот шешіміне наразылық күшейіп, елдің көлік прокуратурасы сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: