Ақтаулық прокурордың Алматы әуежайында ұсталуына қатысты іс қайта қаралатын болды

Ақтаулық прокурордың Алматы әуежайында ұсталуына қатысты іс қайта қаралатын болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 19:21 Сурет: Ақтау прокуратурасы
Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуроры ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Ерболат Әбдіровке қатысты істі тоқтату туралы Ақтау қаласының мамандандырылған сотының шешіміне шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық шағымның дәлелдері Маңғыстау облыстық сотында белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

"Қызметтік тексеру жүргізілуіне байланысты "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес Әбдіров Ерболат оның жауаптылығы туралы мәселе түпкілікті шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына үш жаңа бап енгізілуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: