Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Мәжілістің баспасөз қызметі Мәжілістің баспасөз қызметі
Ол отырыс 2 қыркүйекте өтеді.

Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2-қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды, делінеді Нұрлан Нығматулиннің Twitter-інде.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", делінген ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз