Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Мәжілістің баспасөз қызметі
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", делінеді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің өкімінде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript