Гейлер мен лесбиянкалар Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шықпақ

kazanpress.ru kazanpress.ru
30 тамызда және 8 қыркүйекте митинг өткізуге рұқсат сұрап отыр олар.

Бір белсенді Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұңғыш рет ЛГБТ (Lesbian, Gay, Bisexual, Transgender) митингін өткізуге өтініш берді. Бұл туралы kok.team сайтында айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 тамызда астаналық белсенді Айдар Елкеев “Қазақстандағы ЛГБТ-қауымдастығының құқығын, заңды мүдделерін қорғау” мақсатында митинг өткізуге екі өтініш берді. Бірі Алтай Көлгіновтің атына жазылып, Нұр-Сұлтан әкімдігіне жолданды, екіншісі Алматы әкімдігіне, Бақытжан Сағынтаевтың атына кетті.

Митинг өткізу туралы өтініш екі күнге берілген - 30 тамызға және 8 қыркүйекке.

Әкімдіктер рұқсат берген жағдайда, Нұр-Сұлтандағы митинг сағат 10-да А.Пушкин мен Ш.Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы бақта өтеді. Оған 1000 адам қатысады деп күтілуде.

Алматының митингі де сағат 10-да “Сары Арқа” кинотеатрының артындағы бақта өтпек. Оған да 1000 адам қатысады деп жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз