Жаңалықтар тізбегі
0

Елде жаппай митинг өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 80 адам қамалды

azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2019 14:30 azattyq.org
Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында өткен митингтер туралы түсініктеме берді.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында өткен митингтер туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Бас прокуратураның ресми хабарламасына қарамастан, санкцияланбаған митингілер мен азаматтардың жиналуы орын алды.

Акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірлерін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілді.

Алайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адамдар өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған "ДВК" экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді.

Жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды.

Нәтижесінде елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 азамат жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілетін болады.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады", деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: