Сыра тиелген көлік аударылып, көшедегі халық тегін тойып алды

transportationnation.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2019 16:08 transportationnation.com
Куәгерлер 30 мың жәшік сыраны ұрлап кетті.

Сыра тасып бара жатқан жүк көлігі көшеде аударылып қалып, Уругвайдағы Куругуати қаласы тұрғындары үшін есте қаларлық оқиғаның біріне айналды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиғаның кездейсоқ куәгерлері қарап тұрмай, сыраның 30 мыңға жуық жәшігін тасып әкетті. Тұрғындар тіпті сыраға таласып қалған.

Жүргізуші көпірден өтіп бара жатқанда көлікті аударып алыпты. Апат салдарынан ешкім жарақат алған жоқ. Тіпті тиелген сыра жәшіктері де сынбаған.

Қаңтар айында осыған ұқсас жағдай Пхукетте болған. Онда да сыра тиелген көлік аударылып, Тайландтың жүздеген тұрғыны тегін сыра дегенді естіп, оқиға орнына тұра жүгірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: