Алматы тұрғыны көлік ұрысының әрекетінен зардап шекті
Видео кадрларынан
Ол санаулы минуттардың ішінде құны 650 мың теңге болатын бағалы заттарды ұрлап кеткен.
Алматыда көлік ұрысы дәл камера алдында тұрған көлікті қиратып, бағалы заттарды қолды қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адамның айтуынша, оқиға 2019 жылы 22-қаңтар күні "Мерей" СО көлік тұрағында орын алған. Қолының сұғанағы бар адам дабылды сканердің көмегі арқылы бұзған. Айналдырған бірнеше минуттың арасында ол автокөлік ішінен құны 650 мың теңгеге тартатын бағалы заттарды қойынға басып үлгерген.
Арадан көп уақыт өтпей ұры көлікке қайта оралып, ішінде ақша мен құжаттар жатқан қол сөмкені ұрлап кетеді.
Ер адам полицияға арыз жазып, оны БСТР тіркеген.
"Мен сауда орталығының қауіпсіздік қызметкерлерінен видеожазбаны өзім алдым. Полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде тіпті осыны да жасамаған", - деп жазған жапа шегуші.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript