Жаңалықтар тізбегі
0

74 жастағы әйел егіз тапты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 15:26 Pixabay
Ерлі-зайыптылар соңғы 57 жыл бойы бала көтеруге талпынып келген.

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының 74 жастағы тұрғыны ЭКО көмегімен жүкті болып, екі қыз туды, деп хабарлайды РИА Новости.

Аурухана директоры айтқандай, Эрраматти Мангаямма кесарь тілігі арқылы босанды.

- Операция сәтті өтті. Анасы да, нәрестелер де сау, ешқандай асқынулар жоқ. Алайда ананы бірнеше сағатқа созылған стресстен арылту үшін жансақтау бөліміне жібердік, - деді ол.

Бірақ Мангаямма емшекпен емізе алмайды, нәрестелер донорлық сүтті емуде.

Директордың айтуынша, қарт әйелдің бала көтеруі қант диабеті және гипертония сияқты медициналық асқынулардың болмауының арқасында мүмкін болды.

Мангаямма мен оның 80 жастағы күйеуі Рая Рао 1962 жылдың 22 наурызында үйленген. Ерлі-зайыптылар соңғы 57 жыл бойы бала көтеруге талпынып келген екен. Жасанды ұрықтандырудың арқасында 74 жастағы биыл қаңтарда бала көтерген.

Бұған дейін жасанды ұрықтандыру арқылы бала туған ең қарт әйел – тағы бір үнділік әйел Омкари Панвар болатын. Ол да 2008 жылдың жазында 70 жасында егіз тапқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: