Жаңалықтар тізбегі
0

Әйелін пышақтап, өзіне қол салды: артында 10 жастағы бала қалды

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 17:21 Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі
Ерлі-зайыптылар 2016 жылы ресми түрде ажырасқан.

Қостанайдың қақ ортасында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді. Сұмдық оқиға куәгерлерінің айтуынша, қаскүнем келіншекке бірнеше рет пышақ сұғып, кейін өзін жарақаттаған. Араша түсе алмаған олар бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Сол жерге жеткен полицейлер мен медбикелер жәбірленушінің дәрігерлер келгенге дейін мерт болғанын анықтады. Ал, қаскүнем қолға түспес бұрын өз-өзіне пышақ салып үлгеріпті, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ажырасып кеткен ерлі-зайыптыларда ортақ он жастағы бала бар.

Ерболат Мұртазаев, қалалық ПБ бастығының орынбасары:

Ерлі-зайыптылар 2016 жылы ресми түрде ажырасқан, алайда отбасыны сақтап қалу үшін бірнеше мәрте қосылған еді. 2018 жылы күдікті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қазір ол ауруханада жатыр. Палатаны тәулік бойы полицейлер күзетуде. Тергеу жалғасып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: