Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жолаушылар автобусына белгісіз біреу оқ атты

odessa.report, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 20:28 odessa.report
Оқыс оқиғаға қатысты бар адамдарды анықтау үшін шұғыл іздестірілу шаралары қолға алынды.

Павлодар полициясына қоңырау шалынып, "шамамен таңғы сағат 8.40 шамасында Малайсары батыр көшесінде белгісіз бір адам қала сыртына қатынайтын шағын автобусқа оқ жаудырды" деген мәлімет келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментіндегілер мәлім етті.

Полицияның мәліметінше, №153 бағыттағы шағын автобусқа қаскөй пневматикалық қарудан "бұзақылық ниетпен" оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Оқыс оқиғаға қатысты бар адамдарды анықтау үшін шұғыл іздестірілу шаралары қолға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: