Жаңалықтар тізбегі
0

"Отбасы күніндегі" ауыл тұрғындарымен кездесу

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 17:50 Алматы облыстық ПД
8 айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты 65 қылмыс тіркелсе, оның 32-і әйелдерге қатысты жасалған.

Елбасының 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі "Отбасы күні" болып бекітілген болатын. Осыған орай, Алматы облысының Жергілікті полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық оеругіне қарасты Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы берілген тапсырмасын жеткізіп, оны орындау жолдарын кеңесті.

Аталған санаттағы қылмыстар біздің елді мекендерде де тіркелетіні жасырын емес. Тәртіп сақшылары осы мәселені талқылау барысында тұрғындарға жәбірленуші құқығының қорғалатындығын баяндап, облыс бойынша әйелдердің құқығын қорғау мәселесімен айналысатын мүдделі органдардың қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында ҚР "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Заңының шеңберінде ішкі істер органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен қиын жағдайға ұшыраған әйелдерді "Дағдарыс орталығы" мен "Аналар үйіне" орналастыру талабы туралы тиісті ақпараттар ұсынды.

Тәртіп сақшылары жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 4057 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығарып, 441 ерекше талап орнатылды.

8 айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты 65 қылмыс тіркелсе, оның 32-і әйелдерге қатысты жасалған.

Әйелдерге қатысты жасалатын құқыққа қарсы әрекеттің алдын алу, жолын кесу мақсатында елді мекендерде тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру жұмысы алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 17:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: