Жаңалықтар тізбегі
0

Банкир несиесі кешіріліп жатқандардың несие тарихы бұзылмайтынын айтты

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 21:36 Inbusiness.kz
Сондай-ақ ол ешқандай қара тізім дегеннің жоқ екенін, жеңілдікке ие бұл адамдар өзінің несие тарихы бұзылады деп еш қорықпауын сұрады.

Кейбір қазақстандықтардың кепілсіз несиесін өтеу үшін мемлекеттік бюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ол ешқандай қара тізім дегеннің жоқ екенін, жеңілдікке ие бұл адамдар өзінің несие тарихы бұзылады деп еш қорықпауын сұрады.

- Қара тізім деген нәрсе жоқ. Бұл арада үшінші тараптан жеке тұлғаның қарызы өтеледі. Бұл жағымсыз фактор емес. Бұл – қарызды өтеу фактісі және болашақ қарыздар үшін еш қатысы жоқ бейтарап ақпарат. Алда тағы қарыз алғысы келетіндер үшін бұл мәліметтің ешқандай маңызы жоқ, - деді ол.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, несиесі өтелмек адамдардың саны 250 мыңмен шектелмейді.

- Президент Жарлығына сәйкес, қарызы кешірілуі тиіс адамдардың бұл тізімге енбей қалуына басты себеп - мемлекеттік органдардың орталық ақпараттық жүйесінді олардың санаты бойынша тиісті мәліметтердің толық тіркелмеуі немесе болмауы. Мысалы, АХАЖ органдарында некеге тұру немесе балалардың туу туралы жазбалары тіркелмей қалу фактісі жиі кездеседі. Осыған байланысты несиесі бар азаматтар отбасынан ол адам автоматты түрде шығып қалады, сондықтан жарлықта жария етілген санатқа енбей қалады.

Сол сияқты оның басқа да себептері бар. Мысалы, асыраушысынан айрылуына байланысты, мүгедек баласы үшін, 18 жастан асқан мүгедек балалары бар отбасылар, АӘК бойынша төлемдер алатын отбасылар. Олардың тізімде болмауының себебі осыған дейін мемлекеттік органдардан жәрдемақы алу үшін жүгінбегендіктен ақпараттық жүйеге енбей қалуы мүмкін, - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, олардың мәліметтері бойынша, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде 4 мыңнан астам жетім балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 29 жасқа дейінгілер туралы ақпарат жоқ болып шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: