Тоқаев Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды

Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды. Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ "Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс" атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді.
- Ханойдағы әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген;
- Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты;
- Музейден елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда пайдаланылған соғыс машиналары мен қаруларын көруге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript