Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді

Президент аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 12:24 Сурет: akorda.kz
Президент аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.

Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.

Сурет: akorda.kz

Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көргеннен кейін, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: