Президент "АЛЖИР" музейін аралап көрді

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.

Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.

Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 31 мамырда Астана маңындағы "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойғанын жазғанбыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы осы шарада сөз алып, Қазақстан халқының жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатынын баса атап өтті. Президенттің айтуынша, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу – қастерлі борышымыз. Аталған шарада Мемлекет басшысы тарихты ел ішіне іріткі салатын насихат құралы ретінде пайдалануға жол бермеу керектігін де айтты. Сонымен қатар президент атап өткендей, тарихқа деген көзқарас саяси ахуалдың ықпалында кетпеуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан тек алға қарай жүріп, жарқын болашаққа ұмтылуымыз керек екенін де нақтылады.