Тоқаев "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды

Тоқаев, АЛЖИР, мемориалды-мұражай кешені, гүл шоғы , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2025 10:48 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 31 мамырда Астана маңындағы "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемориалды-мұражай кешені, Алжир, гүл шоғы, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2025 10:48

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемориалды-мұражай кешені, Алжир, гүл шоғы, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2025 10:48

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Ол мұрағаттық зерттеулер жүргізеді. 2022 жылы мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағы жарық көрді. Мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етті. Олар еліміздің түкпір-түкпіріндегі 60-тан астам мемлекеттік және ведомстволық архивте ауқымды жұмыс атқарды. Қазірдің өзінде 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан құпия белгісі алынып тасталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: