Тоқаев: Тарихты ел ішіне іріткі салатын насихат құралы ретінде пайдалануға жол бермеу керек

Алжир, 31 мамыр, саяси қуғын сүргін, құрбандары, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2025 11:20 Сурет: Ақорда
"Ұлтымыздың тарихын білмей, ең бастысы, оны терең түсінбей, қазіргі заманғы түрлі саяси үрдістер туралы дұрыс пайым жасау мүмкін емес". Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада осыны да айтты, деп хабарлайды
"Төл шежіремізді мұқият зерттеуіміз және терең білуіміз қажет. Бұл – аксиома. Ұлтымыздың тарихын білмей, ең бастысы, оны терең түсінбей, қазіргі заманғы түрлі саяси үрдістер туралы дұрыс пайым жасау мүмкін емес. Миллиондаған адамның тоталитаризм құрбаны болғанын жадымызда сақтау – қастерлі парызымыз. Тарихты бұрмалауға, сол кезеңдегі мемлекеттің адамгершілікке жатпайтын зұлым саясатын ақтауға мүлдем болмайды. Сондай-ақ тарихты саясаттың қолшоқпары етіп, популистік идеяларды насихаттайтын, ел ішіне іріткі салатын құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге тиіспіз. Біздің қоғамда жоғары азаматтық жауапкершілік салтанат құруға тиіс. Қуғын-сүргін мен ашаршылықтан ең көп зардап шеккен қазақ халқы болса да, бұл бұрынғы кеңес мемлекетінде өмір сүрген барлық дерлік халықтардың басына түскен қасірет. Сондықтан мұндай нәубеттер ешқашан қайталанбауы үшін одан сабақ алу өте маңызды". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент халқымыз ұлы дала өркениетінің бірегей мәдени кодын сақтап келетінін баса атап өтті.

"Соның арқасында біз ел тағдыры сынға түскен қатердің бәрін еңсеріп, әрдайым ар-намысымызды биік ұстай білдік. Жұртымыз ең қиын күндердің өзінде ынтымақ, гуманизм, бауырластық сияқты құндылықтардан ажыраған жоқ. Түрлі нәубеттен жапа шеккендердің бәріне көмек қолын созды. Сол себепті өзара қамқорлық, жауапкершілік, төзімділік сияқты қасиеттер ұлттық болмысымыздың сипатына айналды", - дейді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 31 мамырда Астана маңындағы "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойғанын жазғанбыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы осы шарада сөз алып, Қазақстан халқының жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатынын баса атап өтті. Президенттің айтуынша, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу – қастерлі борышымыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: