Жаңалықтар тізбегі
0

89 минут. Марио. Қазақстан Ресейден осылай ұтылды

sports.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 14:51 sports.kz
Михал Билектің командасы сырт алаңда ойнады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Евро-2020 іріктеу кезеңінің матчында Ресейден ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

I тобының алтыншы тур ойыны Калининградта өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Қазақстан сапында Бауыржан Исламхан алаңға алғашқы минуттан бастап шыққан жоқ, ол ойынға 61-ші минуттан бастап араласты. Оның орнына алаңға капитан болып бастап қорғаушы Дмитрий Шомко шыққан. Ресейліктер бірінші таймда Дмитрий Непогодовтың қақпасына шын қауіпті сәттер тудыра алмады. Қос команда үзіліске бірдей соққы санымен шықты.

Екінші таймда Ресей жеңісті жұлып әкетуге барын салды, 63-ші минутта олар үш ойыншысын ауыстырып үлгерді.

Матчт тағдыры ойынның соңында шешілді. Ресейдің бразилиялық қорғаушысы Марио Фернандес жеңіс әкелді, ол 89-ші минутта "Монако" жартылай қорғаушысы Александр Головиннің айып добынан көтерген пасын дәл соққыға айналдыра алды.

І тобының қатар өткен матчтарында Бельгия Шотландияны 4:0 есебімен жеңді, Кипр сырт алаңда Сан-Мариноны дәл осындай есеппен жеңді.

Бельгия 18 ұпаймен бірінші орында, Ресей 12 ұпаймен екінші орында. Қазақстан 7 ұпаймен үшінші орында, гол айырмашылығы бойынша Кипрден озып тұр. Шотландия алты ұпаймен бесінші, ал Сан-Марино барлық матчтарда 0:28 есебімен жеңіліп қалды.

Келесі матчтарын Қазақстан өз үйінде өткізеді: 10 қазанда Михал Билектің командасы Кипрді, ал 13-ші күні – Бельгияны қабылдайды.

Ал іріктеу кезеңін қараша айында Сан-Марино мен Шотландияға қарсы матчтарымен аяқтайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: