Қазақстан құрамасы Евро-2020 іріктеуін жеңіліспен аяқтады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 16:21 видеодан кадр
Соңғы ойында сырт алаңда Шотландиямен ойнады.

Евро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Шотландиядан ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өткен ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды .

34-ші минутта Бахтиер Зайнутдинов алыстан дәл теуіп, есеп ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды.

Одан кейін қазақстандықтардың қақпасына үш рет доп кірді. 48-ші, 64-ші және 91-ші минутта жергілікті жанкүйерлер дүр көтерілді.

Қазақстанның тобынан Евро-2020 турниріне Бельгия мен Ресей шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: