Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Игорь Крутой туралы не ойлайтынын айтты

ВК, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 21:31 ВК
- Біз композитор мен әнші емес, әкесі мен баласы секілдіміз - Димаш Құдайберген.

Димашқа "Игорь Крутойдың жанында жүріп, уақытыңды текке кетіріп жүрсің" деп ресейлік, сол секілді қазақстандық тараптан да сындар тағылған. Ал Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутой туралы бұл реттегі ойы бұдан мүлде бөлек. Әнші бұл туралы Игорь Крутойдың мерейтойына арналған "Андрей, привет" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бір талантты жасты үлкен сахнаға алып шығу керек деген жоспар болды. Содан айналама қарасам, ондай адам байқалмайды. Ешкім жоқ. Сөйтіп жүргенде Димаш жарқ етіп шықты. Түк ойланған жоқпын, біз бірге жұмыс істеуіміз керек деп шештім", - дейді ресейлік композитор Игорь Крутой өзінің мерейтойына арналған телебағдарламада.

Оқи отырыңыз: Димашқа ақыл айтқан Нұртас Адамбайды Қанат Айтпаев орнына қойды

Осы араға келде композитордың сөзін Димаш Құдайберген бөліп, тақырып талқысын жалғады:

- Игорь Крутой қатты құрметтейтін композиторымның бірі болатын. Мектепте жүргеннен солай. Жасөсіпірім кезде ол кісімен жұмыс істесем деп армандайтынмын, тіпті. Қытайдағы жеңісімнен соң маған түрлі ұсыныстар түсті. Соның ішінде Ресейден де. Әртүрлі композитор мен продюсерлерден. Бірақ оларды кейінге шегере бердім, ойланамын деп.

Бір күні Игорь Крутойды кездестірдім. Ол кісі өз ұсынысын ортаға тастады. Көрсеңіздер сол кездегі мені, жүрегім жарылардай қатты қуандым. Біз бірден, емін-жарқын сөйлесіп кеттік. Біздің ара-қатынасымыз композитор мен әншінікі секілді емес, керісінше әкесі мен баласы секілдіміз. Ол кісімен қорықпай өз құпияларымды бөлісе беремін. Бізде сондай жылы, міне жақын қарым-қатынас бар. Арамызда ешқандай түсінбеушілік болған емес. Менің жағдайымда ғана емес, аты аңызға айналған әншілерге Игорь Крутой ән жазса, бұл олардың бақыты деп білемін, өз басым, - деді Димаш.

Тағы да: Димаш Құдайберген Крутой мен Киркоровпен бірге ән шырқады

Димаштың пікірін видеоның 55-ші минутынан бастап көре аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: