Игорь Крутой Димаш Құдайбергенге жауап берді

Той, Димаш Құдайберген, алғыс, Игорь Крутой, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 18:34 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Атақты Ресей композиторы, продюсер, пианист әрі әнші Игорь Крутой әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жүрекжарды алғысына үн қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 3 тамызында  Димаш Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, Игорь Яковлевичке қарындасы Раушанның ұзату тойына келгені үшін алғыс айтты. Ол композитордың келісі өз отбасы үшін "құрметке ғана емес, жан жылулығына және шынайы достыққа толы нағыз сый" болғанын атап өтті.

"Құрметті Димашик, отбасыңыз үшін салтанатты әрі әсерлі күнді өзіңмен бірге атап өтеуге шақырғаныңыз үшін үлкен рақмет! Жастарға және бүкіл отбасыңызға бақыт тілеймін! Құрметпен, Игорь Крутой", деп жауап берді Димаш жариялаған видео астындағы пікірлер бөлігінде маэстро да.   

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутойға жүрекжарды алғысын білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: