"Үлкен сый болды". Димаш Құдайберген Игорь Крутойға жүрекжарды алғысын білдірді

Димаш Кудайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 22:51 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген продюсер әрі композитор Игорь Крутойға жүрек толқытарлық жазба арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 тамыз күні Instagram-дағы парақшасында ол маэстроға туған қарындасының тойына арнайы келгені үшін алғыс айтты.

"Құрметті Игорь Яковлевич, менің туған қарындасымның тойы сияқты маңызды да толқынысқа толы күнді бізбен бірге бөліскеніңіз үшін үлкен рақмет. Сіздің келуіңіз – біз үшін құр ғана құрмет емес, шынайы жылылыққа, жан дүниеге және нағыз достыққа толы үлкен сый болды. Сізді әрдайым ұлы композитор ретінде танып келдік, бірақ мен үшін ең қымбат нәрсе – өзіңізде адамдарға ашық жүрек пен үлкен адамгершіліктің болуы. Музыкада да, өмірде де достығыңыз үшін рақмет", - деп жазды Димаш.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 1 тамыз, жұма күні Димаш Құдайбергеннің 24 жастағы кенже қарындасы тұрмысқа шыққаны хабарланған еді. Тойда Қазақстанның халық артисі осы ерекше күнге арнайы жазылған "Қарлығашым ұя салғанда" әнін орындаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: