Димаш Құдайберген Грэмми сыйлығының екі дүркін иегерімен алғашқы туындысын таныстырды

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 09:02 Сурет: dimashnews.com
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды:

  •  I’m Your Baby Tonight — Уитни Хьюстон
  •  Without You, Dreamlover — Мэрайя Кэри
  •  Bleeding Love — Леона Льюис
  •  She Bangs — Рикки Мартин
  •  Crash and Burn — Savage Garden
  •  A New Day Has Come — Селин Дион
  •  You’re Not From Here — Лара Фабиан
  •  My Heart Will Go On — Селин Дион

Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: Сұлу қыз пен құбыжық, Аладдин, Геркулес, Оққағар.

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың Love's not over yet атты жаңа әнін ұсынады.

Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: