Димаш Құдайбергеннің әулетінде құдалық рәсімі өтті
Сурет: instagram.com/raushan_kudaibergen
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің 24 жастағы қарындасы Раушан Құдайберген тұрмысқа шығатыны бірнеше ай бұрын белгілі болған еді. Ал 2025 жылғы 1 тамызда Раушан әлеуметтік желіде қазақтың дәстүрлі "құдалық" рәсімінен түсірілген әсерлі суреттерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Үлкендерден бата алу тойынан естелік суреттер", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Жарияланған жазбаға жүздеген жылы пікір жазылды.
Құдалық – қазақ халқындағы аса маңызды әрі мәртебелі салттардың бірі, болашақ құдалардың танысуы мен келісімге келу рәсімі.
Желі қолданушылары бұл қуанышты жаңалықты жылы қабылдап, жас жұбайларға ақжарма тілектерін арнады:
- Бақытты бол! Жүзінен күлкі кетпесін;
- Жүректен шыққан шын тілегім — әр күнің шаттық пен жақсы жаңалықтарға толы болсын;
- Ұзақ ғұмыр мен баянды махаббат тілеймін;
- Керемет жарасып тұрсыңдар;
- Жаңа шаңырақ құтты болсын! Махаббат пен түсіністік серіктеріңіз болсын;
- Құдды анасы сияқты — бір көргеннен байқалады;
- Біздің де жүрек жарды ақ батамызды қабыл алыңыздар;
- Сондай сұлусыздар. Махаббаттарыңыз берік болсын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript