Димаш Құдайбергеннің әкесіне президент атынан орден табысталды

Димаш Құдайбергеннің әкесіне президент атынан орден табысталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 14:19 Сурет: Instagram/kanat_sveta_aitbayevtar
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, композитор және продюсер Қанат Айтбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Парасат" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

"Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа "Парасат" орденін табыстады".

Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

"Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын",- деп түсіндірді министрлік.

"Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Бұған дейін Алматыда мәдениет саласының қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: