Алматыда мәдениет саласының қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Марапаттау рәсімі, Алматы, Мәдениет және өнер қайраткерлері, Аида Балаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 20:32 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар мен пәтер кілттерін табыстады.

Кәсіби мерекемен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне берілген наградалар олардың қажырлы еңбегіне, кәсіби адалдығына және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесіне көрсетілген жоғары құрмет екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының қолдауы тек марапатпен ғана шектелмейді. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде тұрғын үй мәселесін шешу бағытында да нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Президент атынан Астана қаласында мәдениет және өнер қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды. Биыл бұл игі бастама жалғасып, Алматы қаласында да сала өкілдеріне пәтер кілті табысталмақ. Мұндай қолдау шығармашылық адамдарының еңбегін нақты іспен бағалаудың айқын көрінісі. Сіздерге табысталғалы отырған жаңа пәтерлер – ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңізге көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Бұл шаңырақтар сіздерге құт-береке, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға шаттық әкелсін! Осы орайда барлық мәдениет және өнер қызметкерлерінің атынан Мемлекет басшысына салаға тұрақты көңіл бөліп, шығармашылық қауымға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін шынайы алғыс білдіремін", – деді Аида Балаева.

Осылайша, Мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне 60 пәтердің кілті табысталды. Тұрғын үй қолдауына ие болғандардың қатарында жетекші театрлар мен музыкалық ұжымдардың, білім беру ұйымдарының, кітапханалар, архивтер, музейлер, баспа және әдебиет саласының өкілдері, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандар бар.

Марапаттау рәсімі, Алматы, Тұрсынжан Шапай, Аида Балаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 20:32

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бес адам тұрғын үй сертификаттарын кеше Мемлекет басшысының өз қолынан алған болатын.

Атап айтқанда:

Нұрболат Нұралиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі үш бөлмелі пәтерге ие болды. Оның мәдениет саласындағы еңбек өтілі 19 жылдан асады.

Сания Оспанқұлова, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының оқытушысына үш бөлмелі пәтер берілді. Ол аталған салада 24 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Игорь Попов, Республикалық академиялық неміс драма театрының әртісі екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Анар Әділова, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісіне үш бөлмелі пәтер табысталды. Актриса мәдениет және өнер саласында 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Арай Асқар, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы да үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.

Жаңа баспана, Алматы, Мәдениет және өнер саласы, марапаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 20:32

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ал бүгін Алматыда Аида Балаева Президент атынан тағы 55 мәдениет қайраткеріне пәтер кілтін табыстады. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының бас дирижері Қанат Омаров бар. Мәдениет саласында 16 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан өнер иесі екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Ділшат Аманбаев – Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма әртісі. Саладағы еңбек өтілі 22 жылдан асады. Оған екі бөлмелі пәтер берілді.

Ислам Хамзаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Ислам Хамзаев екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Ирина Арнаутова, Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының әртісіне екі бөлмелі пәтер табысталды. Оның еңбек өтілі – 33 жыл.

Артем Селезнев, Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі де екі бөлмелі пәтер иесі атанды.

Абай Қойшыбаев, Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының концертмейстері әрі оркестр солисі, екі бөлмелі пәтер берілді. Ол салада 19 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Константин Пак, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының жоғары санатты әртісі екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Жандос Әлімбетов, жазушы, ақын,  екі бөлмелі пәтер табысталды.

Илья Шилкин, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бірінші санатты әртісі екі бөлмелі пәтер иесі атанды.

Екатерина Пен, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының бас режиссері, бір бөлмелі пәтер берілді.

Шайза Ахметова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның мәдениет және өнер саласындағы еңбек өтілі 55 жылдан асады.

Салауат Кәрібаев, "Камерата Қазақстан" классикалық музыка ансамблінің әртісі, бір бөлмелі пәтер табысталды.

Қайрат Маденов – Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының әртісі. Мәдениет саласында 32 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан өнер иесіне үш бөлмелі пәтер берілді.

Бауыржан Жылқыбаев, Жамбыл атындағы Қазақ ұлттық филармониясының көркемдік жетекшісі екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның саладағы еңбек өтілі – 15 жыл.

Надежда Гааль, Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу ісінің меңгерушісі әрі оқытушысы, үш бөлмелі пәтер табысталды. Ол осы салада 26 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Лейла Алхожаева, Пётр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы үш бөлмелі пәтерге ие болды. Оның өнер саласындағы еңбек өтілі 15 жылдан асады.

Шолпан Беркімбаева, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пәндер оқытушысына екі бөлмелі пәтер берілді.

Баян Байсеитова, "Камерата Қазақстан" классикалық музыка ансамблі директорының орынбасары үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 16 жыл.

Надирям Омарова, Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры директорының орынбасарына екі бөлмелі пәтер табысталды. Оның саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.

Альфия Серікқызы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің  оқытушысы екі бөлмелі пәтерге ие болды. Ол осы салада 21 жыл еңбек етіп келеді.

Аян Соқпаева, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бір бөлмелі пәтер берілді. Оның еңбек өтілі – 14 жыл.

Бекзат Смадияр, Qalam Media жобасының редакторы, ақын екі бөлмелі пәтер иесі атанды.

Еділбек Дүйсенов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы аппаратының жетекшісі, ақын,  екі бөлмелі пәтер табысталды.

Нұрбек Нұржанұлы, "Білім қазына" қоғамдық қорының тілшісі, ақын екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Айгерім Төлегенова, Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің бөлім басшысына үш бөлмелі пәтер берілді.

Жанат Естемісова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының бухгалтері, екі бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 25 жыл.

Эльмира Абенбаева, "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас бухгалтері, екі бөлмелі пәтер. Ол осы салада 24 жыл еңбек етіп келеді.

Әсем Ахметжанова – Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі кадр бөлімінің инспекторы. Оған екі бөлмелі пәтер берілді.

Нұрболат Мәлік, Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қор сақтау бөлімінің маманы екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Нурия Баймұратова, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың Брайль қарпі бойынша редакторы, үш бөлмелі пәтер табысталды. Оның еңбек өтілі – 20 жыл.

Динара Мұқашева, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың кітапханашысы бір бөлмелі пәтер иесі атанды.

Айғаным Байтуова, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жоғары дәрежелі маманы, мұрағатшы, үш бөлмелі пәтер берілді. Ол – төрт баланың анасы, саладағы еңбек өтілі 17 жыл.

Айжан Арыстанбекова, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының библиографы екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Айжан Қуанышева, Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің материалдық есеп бухгалтеріне  екі бөлмелі пәтер табысталды.

Арайлым Сүлейменова, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көрермендерге қызмет көрсету бөлімі бақылаушысы екі бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 26 жыл.

Асылан Қуанышұлы, Steppe World Publishing баспасының редакторы, ақын, үш бөлмелі пәтер берілді.

Дәулет Канлыбаев, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Ақбота Қалдыбай, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің оқытушысы,  екі бөлмелі пәтер табысталды.

Сырым Аюпов, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі бір бөлмелі пәтер иесі атанды.

Әсет Ерназаров, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының жетекші маманы,  екі бөлмелі пәтер берілді. Оның еңбек өтілі – 42 жыл.

Ардақ Итекеева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің әртісі үш бөлмелі пәтерге ие болды. Ол салада 24 жыл еңбек етіп келеді.

Аққайша Баймұратова, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының маманы, екі бөлмелі пәтер табысталды. Оның жалпы еңбек өтілі 50 жылдан асады.

Гауһар Асылова – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің архив қоймасының меңгерушісі. Еңбек өтілі – 12 жыл. Оған екі бөлмелі пәтер берілді.

Айжан Ахметова, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының жоғары дәрежелі кітапханашысы екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның еңбек өтілі – 36 жыл.

Дамира Маханова, Орталық мемлекеттік архивтің бөлім басшысына  төрт бөлмелі пәтер табысталды. Ол – алты баланың анасы, саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.

Сәуле Сембаева, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың бас бухгалтері екі бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 20 жыл.

Құралай Қошанова, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бөлім басшысы,  екі бөлмелі пәтер берілді.

Айжан Дүйсебаева, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының кітапханашысы екі бөлмелі пәтерге ие болды. Оның еңбек өтілі – 25 жыл.

Виктория Пономарева, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблінің костюм цехының шебері,  екі бөлмелі пәтер табысталды. Ол осы салада 28 жыл еңбек етіп келеді.

Шолпан Нұғманова, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің экскурсоводы үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Оның еңбек өтілі – 32 жыл.

Сәуле Біләл, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының техникалық қызметкері, екі бөлмелі пәтер берілді.

Мадина Доржинова, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының бухгалтері  үш бөлмелі пәтерге ие болды. Ол – бес баланың анасы, еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Мадина Орынбасарова, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің инспекторы,  екі бөлмелі пәтер табысталды.

Жаңыл Ергешбаева, Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің техникалық қызметкері екі бөлмелі пәтер иесі атанды.

Алтынай Ниятбаева, Пётр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің техникалық қызметкері,  екі бөлмелі пәтер берілді.

Жаңа баспана, Алматы, Мәдениет және өнер саласы, марапаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 20:32

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Осылайша, тұрғын үй қолдауы мәдениет саласының сан түрлі бағытын қамтыды. Олардың қатарында жетекші театрлардың әртістері мен ұлттық ұжымдардың музыканттары, оқытушылар, кітапханашылар, архившілер, музей қызметкерлері, бухгалтерлер, кадр мамандары, техникалық қызметкерлер және мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген өзге де сала өкілдері бар.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін саланың 13 өкілі мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан жоғары марапаттар отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан театр, музыка, хореография, әдебиет және ғылым саласының қайраткерлеріне табысталды.

"Парасат" орденімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Райхан Қалиолдина, Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблінің педагог-хореографы Сұлтан Бапов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Таңатар Нұралы, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Тұрсынжан Шапай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Даража Балапан, актриса, әнші Қаракөз Тілеубекова, "МузАРТ" тобының солисі, композитор Мейрамбек Бесбаев марапатталды.

"Құрмет" орденімен Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бас дирижері Қанат Омаров, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернатының педагогі Күзембай Бектаев, "Самат шоу техник" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  құрылтайшысы, продюсер Михаил Романюк марапатталды.

"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының актері Виталий Гришкоға берілді.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Мұрат Әбзелбаев ие болды.

"Қоржын Груп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, республикалық және халықаралық жобалардың ивент-менеджері Ақсұңқар Жарылқасова марапатталды.

"Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның мәдениет және өнер саласында 60 мыңға жуық адам еңбек етеді. Соңғы жылдары мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі бес жылда елімізде 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны ашылды. Биыл тағы 64 нысанның құрылысы жалғасуда".  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: