Исраил Сапарбай Қазақстанның халық жазушысы, ал Лидия Кәден халық әртісі атанды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне, журналистерге, ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президентінің жарлығымен ақын Исраил Сапарбайға "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берілді.
"Қазақстанның халық әртісі" атағына театр әртістері Жәмиля Баспақова, Ольга Коржева, Лидия Кәден және Рихан Махпирова ие болды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы Татьяна Костюченкоға, Марзия Мамидолдинаға, Сафуан Рысбайұлына, Сергей Поповқа, Ажар Юсуповаға және Олег Татамировқа берілді.
Сонымен қатар бірқатар азаматтар "Парасат", "Құрмет" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript