Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарын арнайы жұмыс тобы бақылайтын болады

Жауапты мамандар мен мердігер компаниялардың өкілдері жол сапасына қатысты жауап беріп, аяқтау уақыттарын айтты.

Сурет : Жамбыл облысы10 Қыркүйек 2019, 22:48

Жамбыл облысында әкімдіктің жауапты мамандары мен мердігер компаниялардың өкілдері жол сапасына қатысты жауап беріп, аяқтау уақыттарын айтты.

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында жолдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасын және уақытылы жүргізілуін талқылау бойынша жиын өтті.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен жауапты мамандары, Жамбыл облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы, мердігер компаниялар, арнайы мониторингтік топ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жобалық кеңсе жетекшісі Қ.Меклисов баяндамасында "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы салынып жатқан жолдардың сапасы, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпегені, санитарлық және техникалық нормаларды сақтамағанына тоқталса, қатысушылар тарапынан нысандар бойынша жұмыстарды уақытылы орындамау мәселесі кеңінен талқыланды. Өз кезегінде облыстағы аудандық маңызы бар жолдардың сапасына тоқталып, ондағы кемшіліктер бүкпесіз айтылды.

Жамбыл облысында әкімдіктің жауапты мамандары мен мердігер компаниялардың өкілдері жол сапасына қатысты жауап беріп, аяқтау уақыттарын айтты. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да мардымды жауаптарын ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар облыстағы жолдарды жөндеу жұмыстарындағы басты бағыттарға тоқталды. Олар: тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жол активтері сапасының ұлттық орталығымен жұмыс кестесін келісу; ұлттық орталықтың қызметкерлерін жұмыстың әрбір кезеңінде тарту (келісімі бойынша); тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартта жұмыс кестесі бекітіліп, уақытылы орындалуын қадағалау, орындамаған немесе сақтамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын қарауға міндетті. Алдағы уақытта да департамент пен жоба қызметкерлері жол сапасын тұрақты түрде бақылауда ұстайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер