Тоқаев Түркістан облысындағы өрт сөндірушілердің тез сауығып кетуін тіледі

ҚР ІІМ ТЖД ҚР ІІМ ТЖД
Одан бөлек медициналық көмекке 10 адам жүгінді, олардың жетеуі - төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, қалғаны - қала тұрғындары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы өртті сөндіру кезіндегі Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен өрт сөндіррушілердің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Үш тонна цистерна тиеген жүк көлігі 10 қыркүйек күні Түркістанда Royal Grand қонақ үйі алдында кешке жарылып, айналаны өрт шарпыды. Қонақүйдің 1400 шаршы метр аумағы отқа оранды.

Орталық қалалық ауруханаға зардап шеккен 4 өрт сөндіруші жеткізілді. Олардың біреуінің бұғана сүйегі сынса, ал үшеуін күйік шалған. Денсаулық жағдайлары орташа ауыр деп бағаланды.

Одан бөлек медициналық көмекке 10 адам жүгінді, олардың жетеуі - төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, қалғаны - қала тұрғындары.

Түркістан қалалық полиция бөлімінің тергеушілері қонақүйдің өртенуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз