Жаңалықтар тізбегі
0

Сириядағы соғыс аяқталды, ел бейбіт өмірге көшіп жатыр - Лавров

liga.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 16:04 liga.net
- Бұл соғыстың тоқтауы және оның салдарын жою бүтін Таяу Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, - деді ол

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы соғыстың аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ruға сілтеме жасап.

- Сириядағы соғыс шынымен де аяқталды. Ел біртіндеп қалыпты, бейбіт өмірге оралып жатыр, - деді Лавров.

Ол үкіметтің бақылауына жатпайтын жекелеген белгілі бір шиеленіс ошақтары барын айтты. Атап айтқанда, бұл - Идлиб және Евфрат өзенінің шығыс жағалауы.

Министр Ресей Сирия территориясының бүтіндігін қалпына келтіруді қолдайтынын атап өтті.

- Бұл соғыстың тоқтауы және оның салдарын жою бүтін Таяу Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, - деді ол.

Сәуір айында Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабы Сириядағы қақтығыстың әскери кезеңі аяқталғанын және елде бұдан былай ауқымды операциялар жүргізілмейтінін мәлімдеген еді. Одан кейін Сирияның Ресейдегі елшісі Рияд Хаддад Сирия аймағында содырларға қарсы күрес аяқталуға жақын екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: