Қарағанды облысында жалған ақшамен сауда жасаған әйел анықталды

Задержание, арест, наручники, задержанная, арестованная, преступница, мошенница , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 15:19 Фото: pxhere
Қарағанды облысының Абай қаласында полиция қызметкерлері кәдесый купюраны қолдана отырып жасалған алаяқтық дерегін анықтады.

Оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 14:00-де қаладағы киім сататын бутиктердің бірінде болған.

Белгісіз әйел 70 жастағы сатушының сеніміне кіріп, сыртқы келбеті 10 мың теңгелік банкнотқа ұқсас купюрамен есеп айырысып, материалдық шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Ол 38 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: