Арыстың ажары ашыла түсті

Nur Otan Nur Otan
Арыс қалыпты өмірге оралды. Тұрғындар болашаққа сеніммен қарай бастаған.

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы Арыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды. Төтенше жағдайдан кейінгі 81 күнде қала толықтай өзгеріп, жасара, жайнай түскен. Жарылыстан зақым келген ғимараттар толық жөндеуден өткен.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/1568376918_img-20190913-wa0132.jpg

И.Журба атындағы орта мектеп - төтенше жағдай кезінде қатты зардап шеккен әлеуметтік нысандардың бірі. Қазіргі таңда аталған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға білім беруде. Заманауи безендірілген нысанға демеушілер робототехника кабинетін сыйға тартқан. Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын мектеп директоры Әбдісаттар Жүнісов мектепте Абай бұрышын ашқан. Білім ордасының снаряд түсіп, зақымданған стадионы да бүгінде жаңа кейіпке енген. Спорттық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген стадион мен спорт залы да оқушыларға ерекше тарту болды. Мұнан бөлек, биология-химия, информатика, физика және т.б арнайы кабинеттері бар үш қабатты ғимараттың іші ерекше.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1568376861_img-20190913-wa0144.jpg

113 баланы аман алып қалған Гауһар Уәлиханова басқаратын "Алтын Тұмар" балабақшасы да күрделі жөндеуден өтіп, 1-6 жас аралығындағы бөбектерді тәрбиелеуде. Бұл нысанның да іші-сыртын жөндеген "Самұрық Қазына" Әл-ауқат қоры кішкентай сәбилердің ойын алаңына сапалы құрал-жабдық сыйлаған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1568376846_img-20190913-wa0145.jpg

"Басты мақсатымыз - сәбилерді құтқару еді. Өзімді ерлік жасадым деп ойламаймын. Ұжымдағы 27 қызметкер өз отбасын емес, балабақшадағы сәбилердің амандығын ойлады", - дейді ҚР Президенті қолынан "Ерлігі үшін" медалін алған балабақша меңгерушісі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1568376931_img-20190913-wa0149.jpg

Атап өтейік, Арыста 66 әлеуметтік нысан болса, соның 62-і жөндеуден өтіп, 4 нысан толықтай қайта салынған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1568376871_img-20190913-wa0158.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз